Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2022

Болгариялық әнші Роза Бағланова атындағы байқауда жеңімпаз атанды

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан мен КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағлановаға арналған Халықаралық вокалистер байқауы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Болгариялық әнші Роза Бағланова атындағы байқауда жеңімпаз атанды

Байқауға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Польша, Болгария, Қырғыз Республикасы және Беларусь Республикасынан 18-35 жас аралығындағы орындаушылар қатысты.

12 қазан мен 20 қараша аралығында онлайн форматта өткен іріктеу кезеңі аясында 48 өтінім қабылданған. Оның қорытындысы бойынша финалдық бөлімге 21 орындаушы өтті.

«Биыл біз бірегей тұлға және көрнекті әнші Роза Бағланованың 100 жылдығын атап өтеміз. Халық сүйіктісінің мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күндер күнтізбесіне енді және оның құрметіне көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, соның ішінде Париж мен Мәскеу қалалары бар. Бұл тізімде вокалистер байқауы ерекше орын алады. Оны өткізу-Роза Тәжібайқызының талантын заманауи орындаушылардың мойындауының жарқын айғағы», деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев конкурсанттарды марапаттау рәсімі аясында. 

Конкурстың жеңімпазы және 2 миллион теңгелік бас жүлденің иегері Болгариядан келген әнші Славея Иванова болды. 

I орын-Батталиева Алмагүл (Қазақстан Республикасы) 750 000 теңге.

I орын-Исраилов Бек (Қырғыз Республикасы) 750 000 теңге.

II орын-Качмарек Михал (Польша Республикасы) 500 000 теңге.

II орын-Жамбылбек Қымбат (Қазақстан Республикасы) 500 000 теңге.

III орын – Жұбан Ерназар (Қазақстан Республикасы) 250 000 теңге.

III орын – Бақберген Азамат (Қазақстан Республикасы) 250 000 теңге.

Сондай-ақ, Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Дархан Рақымғалиев арнайы сыйлықты табыс етті.