Үкімет • 03 Желтоқсан, 2022

Роман Скляр апат салдары жойылғанша Екібастұзда болады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады. 

Роман Скляр апат салдары жойылғанша Екібастұзда болады

Бұл туралы ҚР Үкіметінің телеграм каналы ақпарат таратты.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.

Қазіргі уақытта қосымша техника тартылды, барлығы 50-ден астам бірлік жұмылдырылды. Жергілікті жерлерде 36 бригада (261 адам) жұмыс істейді.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйден 48-ден жұмыс аяқталды, тағы 28-ден қажетті іс-шаралар жалғасуда.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін әлі де 14 жылыту пункті жұмыс істейді.