Медицина • 29 Қараша, 2022

Шымкенттік науқасқа қайтыс болған адамның бауыры трансплантацияланды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алғаш рет мәйіт донорынан бауыр трансплантациясы жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттік науқасқа қайтыс болған адамның бауыры трансплантацияланды

Қайтыс болған адамның туыстары оның ішкі органдарын донорлық үшін пайдалануға рұқсат берген. Осылайша марқұмның бауыры 44 жастағы шымкенттікке трансплантацияланды. Дәрігерлер науқас бауыр ауыстыру мүмкіндігін ұзақ жылдар бойы күткенін айтып отыр.  

Операция шамамен алты сағатқа созылған. Күрделі трансплантацияны қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жүргізді.

Айта кетейік, бұл аурухана қабырғасында 9 жылдан бері органдарды трансплантациялау бойынша түрлі операциялар жүргізіліп келеді. 

Бұған дейін дәрігерлер тек тірі донорлармен жұмыс істейтін. Бұл жолы қайтыс болған адамның органдарын пайдалануға мүмкіндік туып, оның туыстары ресми келісім беріпті.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір науқас өзін жақсы сезінеді.

Олардың айтуынша, донордың басқа органдары Астанаға арнайы рейспен жіберіліп, мұқтаж науқастарға трансплантацияланады.