Үкімет • 29 Қараша, 2022

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен  Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар