Аймақтар • 27 Қараша, 2022

Аяздағы апат

100 рет көрсетілді

Сақылдаған сары аяздың салдарынан Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат орын алды. Шаһардың жылу жүйесінде пайда болған зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ындағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған. Салдарынан қала бойынша барлық нысанда жылу батареялары салқындап, тұрғындар пәтерлерінде бүрсең қағып отыр. Ал көпқабатты 130 үй жылудан толықтай ажыратылды.

«Павлодарэнерго» АҚ хабар­лағандай, төтенше жағдай 27 қараша күні, түнгі сағат 01:20 шамасында орын алған. Әуелі судың өте көп мөлшерде ысырап болуынан №11 қазандық агрегаты істен шығады, ал арада 10 минут өткенде №13, 14, 15 қазандықтары тоқтайды. Сәйкесінше шаһардағы орта­лықтандырылған жылуға қо­сылған барлық нысан, соның ішінде тұрғын үйлер мен әлеу­меттік нысандарда жылу пара­метрлері түсіп кетті. Ал ыстық су мүлде тоқтатылды.

Көмірлі шаһарда 150 мың­дай халық тұрады. Апаттың адам айтқысыз екенін ескерген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жексенбі күні таңертеңгілік Екібастұзға жедел жетіп, жағдайды көзімен көрді. Әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайды баяндап, қала  тұрғындарын сабырлы болуға шақырды.

– Жылу-электр орталығында қазір апат бойынша штаб құ­рылып, өзімнің бірінші  орынбасарым Олег Крук, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, «Павлодарэнерго» АҚ және Екібастұз ЖЭО басшылары жағдайды бақылауда ұстауда. Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша стансада су тұтыну үш есеге өскен. Судың ағып кетуіне тест жүргізілді. Стансада су азайы­п жатқан жоқ. Бұл жылу же­лілерінде апат орын алғанын айғақтап отыр. Бірнеше дронды ұшырып, жылу тораптарындағы он зақымдану орнын анықтадық. Жылу желілерінің бір тұсында үлкен апат орын алған болуы керек. Қала тұрғындарынан шы­дамдылық танытуды сұрай­мыз, – деді Ә.Сқақов.

Бұған қоса әкім жөндеу бригадалары ақау шыққан жерлерді жойып жатқанын  жеткізді. Алайда жылу құбырларында түнде жоғалып кеткен 1 200 тонна ыстық судың қай тұстан тесіп шыққаны әлі нақтыланбаған. Сағат күндізгі 16:00 шамасында қосымша су жоғалту көлемі 700 тоннаны құрады деп хабарланды.

апр

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук көпқабатты 130 тұрғын үй бойынша жылу құбырларындағы салқындап кеткен су кезегімен ағызылып жатқанын айтты. Осы арқылы жылыту жүйесінің жүктемесін азайтып, нақты ақау шыққан жерлерді табу оңай болады.

– Жылу-энерго орталығында 3 энергетикалық қазандық, 1 су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр. Стансадағы тем­пе­ратуралық параметрлер 52-53 градусты көрсетіп тұр. Оны 60 градусқа дейін жеткізу көзделіп отыр. 15 жөндеу бригадасы құрылып, жылу құбырларында орын алған апаттарды жою­­мен шұғылдануда. Тағы 4 бри­гада өзге жерлердегі ықтимал зақымдануларды іздеп жатыр, – деп хабарлады Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Қалалық білім беру бөлімі бүгін шаһардың барлық мек­тептері оқушыларды қашықтан оқытатынын хабарлады. Кеше кешкісін өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының 36 тәрбиеленушісі және «Жас өркен» жасөспірімдер үйінің 11 оқушысы Павлодар қаласына жеткізіліп, №7 мектеп-интернатына орналастырылды. Тағы 29 бала «Білім-инновация» лицейіне ауыстырылды. Қалада жалпы саны 25 мектеп, 21 341 оқушы бар.  Шаһар ауруханаларында жатқан 300 адамды қажет болса Павлодар мен Ақсу қалаларындағы емдеу ме­кемелеріне жеткізу жоспарланып отыр.

Жылумен қамту мекемесі жер үйлердің тұрғындары жүйені қатырып алмауы үшін өз бетте­рімен жылу батареяларынан ауық-ауық су ағызуды сұрап отыр.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Соңғы жаңалықтар

Дипломатияның даму жолдары

Саясат • Бүгін, 08:58

Сөз өнерінің суреткері

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек құқығы қорғалады

Еңбек • Бүгін, 08:45

Су басу қаупі жоқ

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40

Ауылға әл беретін несие

Ауыл • Бүгін, 08:30

Бағыты айқын «Respublica»

Партия • Кеше

Ауыл жоқшысы

Отбасы • Кеше

Парасатты полиция

Қоғам • Кеше

Іс көп, судья аз

Құқық • Кеше

Аспалы жолда абайла!

Аймақтар • Кеше

Апатты жағдайдың алдын алды

Төтенше жағдай • Кеше

Тасқынға – тосқын

Аймақтар • Кеше

Сағи жыры

Әдебиет • Кеше

Мәңгіліктің елесі

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар