Аймақтар • 27 Қараша, 2022

Жетісайлық полицейлер жоғалып кеткен екі жасөспірімді үйіне қайтарды

1 мин
оқу үшін

25 қараша күні полицияға екі тұрғын жүгінді. Олар 24 қараша сағат 19:30 шамасында кәмелетке толмаған балаларының сабақтан кейін белгісіз бағытта кетіп, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісайлық полицейлер жоғалып кеткен екі жасөспірімді үйіне қайтарды

Жетісай полициясының жеке құрамы жасөспірімдерді іздеуге бағытталды. Үздіксіз жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәуліктен кейін Асықата ауылының маңынан жоғалған жасөспірімдерді тапты. Олар туыстарына қайтарылды.

Қазір болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20