Футбол • 25 Қараша, 2022

Футбол: Англия мен АҚШ құрамасы жасыл алаңға шығады

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарашаның 25-інен 26-сына қараған түні футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия мен АҚШ арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Футбол: Англия мен АҚШ құрамасы жасыл алаңға шығады

Англия-АҚШ матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 01:00-де басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі.

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Англия құрамасы Иран құрамасын 6:2 есебімен жеңді, ал АҚШ құрамасы Уэльспен тең дәреже көрсетті.