Фото: ашық дереккөз
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылы туған қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған. Ауыр жарақат алған ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан көз жұмды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Ведомство өкілдері атап өткендей, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді. Бұл талап Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жүзеге асырылып отыр.
Тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.
Құтқарушылар үндеу жасады: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?