Футбол • 25 Қараша, 2022

Әлем чемпионаты: Иран Уэльс құрамасын жеңді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран футболшылары Уэльске қарсы матчтың соңғы минуттарында жауапсыз екі гол соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Иран Уэльс құрамасын жеңді

Бірінші болып негізгі уақытқа қосылған 8-минутта Рузбе Чешми гол соқты. Санаулы минуттардан кейін ойынның 101-минутында Рамин Резаян есепті еселеді. 

Айта кетейік, 86-минутта Уэльс құрамасының қақпашысы Уэйн Хеннесси дөрекілігі үшін қызыл қағаз алды.  Осыдан кейін Иран футболшылары шабуылды үдете түсті.