Қоғам • 25 Қараша, 2022

Қазақстанда толық емес отбасылар үшін тұрғын үйді субсидиялау ұсынылды

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы» банкі толық емес отбасыларға жалға берілетін баспананы субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда толық емес отбасылар үшін тұрғын үйді субсидиялау ұсынылды

«Толық емес отбасылардан көп өтініш түседі. Әсіресе, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ресурстардың өткір тапшылығына байланысты биыл бізге 51 миллиард теңге бөлінді, бұл 5 мыңға жуық отбасыға жетеді. Сонымен бірге маусым-шілде айларында 35 мың отбасы өтініш берді», деді Сенаттағы Үкімет сағатында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Осыған байланысты банк толық емес отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау ұсынысы туралы айтты.

«Жеңілдетілген жалдау төлемдері түріндегі көмек алуға құқығы бар санаттардың тізбесін отбасының әрбір мүшесі үшін соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы бар «толық емес отбасылар» санатымен толықтыру ұсынылады», деді «Отбасы банкінің» басшысы.