Қазақстан • 24 Қараша, 2022

Отандық тауарларды қолдамайтын дүкендерге шара қолданылуы мүмкін

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палатаның кезекті отырысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерге тиісті мүмкіндіктердің әртүрлі қалыптасып отырғаны туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, супермаркеттерде импортқа басымдық беру әлі де байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық тауарларды қолдамайтын дүкендерге шара қолданылуы мүмкін

«Біз бұл мәселені бұрын да көтерген едік. Сауда желілері қазақстандық кәсіпкерлерден қосымша ақы талап етуге көшкен. Оны импорттаушылар жасап отыр, ал біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріміздің олай істеуге мүмкіндігі жоқ. Өнімнің өзіндік құны онсыз да жоғары», деді Сенат Төрағасы жиын барысында.

Осы орайда, Мәулен Әшімбаев сенаторлардың назарына осы саладағы нақты жұмыстың нәтижесін жеткізуді талап етті.

«Жақын арада отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін ірі сауда желілерінде жақсы орындарға қоюға мүмкіндік алады деп сенеміз. Үкімет осы бағытта қандай шешімдер қабылданғаны туралы депутаттарға арнайы хабарлайды деп үміттенеміз. Егер сауда желілері мұндай талаптарды орындамаса, онда қолданыстағы заңнама аясында оларға қатысты қандай шаралар қолдануға болатыны қаралады», деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев осыған дейін мұндай жағдай баға мен инфляцияның өсуіне ықпал ететінін атап өткен еді.

«Бұл біз әрқашан желілік сауда орындарын бақылай бермейтіндігімізден туындап отыр. Біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау білдірмейміз деген сөз. Бұл мәселені өзгеше шара қабылдау керек болғанда нормативті түрде реттеуге болады», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Ол сондай-ақ депутаттар қажет болған жағдайда заңдарға қажетті түзетулер енгізуге дайын екенін жеткізді.