Хоккей • 23 Қараша, 2022

Хоккей: Бүгін «Барыс» «Ақ барыспен» ойнайды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада ҚХЛ тұрақты маусымының матчы өтеді. Онда «Барыс» өз алаңында Қазанның «Ақ Барысымен» ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккей: Бүгін «Барыс» «Ақ барыспен» ойнайды

Sports.kz сайтының хабарлауынша, «Барыс» - «Ақ барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасының сайтынан көрсетіледі.

«Барыс» 33 ойынның нәтижесінде 30 ұпай жинады. «Ақ Барыс» 32 кездесуде 32 ұпай жинады. «Барыс» өзінің соңғы тұрақты матчында өз алаңында Уфа Салават Юлаевты (4:1) ұтса, «Ақ Барыс» сырт алаңда Новосібірдің «Сібірінен» ұтылды (2:4).