Қоғам • 23 Қараша, 2022

Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа депутат Фуат Сатыбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, өзіме жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында. 

Өз кезегінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов оның жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа депутат Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне сайланды.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеген болатын.

Фуат Сатыбаев Павлодар облысында хирург, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып сайланды, VII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болды.