Қазақстан • 23 Қараша, 2022

«Ел бірлігі» Тik-Tok house жобасы басталды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Ел бірлігі» Тik-Tok house жобасы басталды. Аталған жоба 2022 жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ел бірлігі» Тik-Tok house жобасы басталды
​TikTok house жобасының мақсаты – мәдени және тарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты насихаттау. «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлт интеграциясы идеясын көрсету.
 
Тиктокерлер қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша видео контент жасайды.
 
TikTok house – бұл блогерлер ортақ мазмұнды жасайтын, қысқа бейнелер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша TikTok беттеріне орналастыратын алаң.
 
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200 жас, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады.
 
Жобаны министрліктің «Қоғамдық келісім» РММ іске асырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10