Қазақстан • 22 Қараша, 2022

Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі беріледі

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ақпараттық-талдау орталығының» атауы «А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ деп аталатын болды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі беріледі

«Қазір «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Ұлттық білім беру деректер қоры» АЖ көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады, талдау жұмыстарын жүргізеді және Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейді. Орталық сонымен қатар Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады. Осыған байланысты Орталықтың қызметін өз атауында көрсету мақсатында, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып, Орталықты атауын «А. Байтұрсынұлы атындағы Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы деп өзгерту ұсынылады», делінген қаулыда.

Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.

Қаулыны ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.