Медицина • 22 Қараша, 2022

Ауылдық жерлерде 700-ге жуық медициналық нысан ашылады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірлерде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауылдық жерлерде 700-ге жуық медициналық нысан ашылады

«Өңірлермен жер телімдерін бөлу бойынша жұмыс жүргіздік. Қазір 14 өңірде бұл жұмыс аяқталды. Екіншіден, бөлінген жер учаскелерінде инженерлік желілерді жүргізу қажет, ол үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Әкімдіктер бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған жобада телемедицинаны дамыту қарастырылған, бұл үшін интернет қажет. Жергілікті бюджеттерде қаражат қарастырылған, жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолданды», деді Ажар Ғиният бүгінгі Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба ауылдарда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әзірленгенін еске салды. Ол үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет.

«Жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынып, қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 12 аурухана жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, 20 жаңа аудандық аурухана ашылады. «Ауыл – ел бесігі» сияқты басқа жобалар шеңберінде медициналық объектілер салынады. Ауыл тұрғындары үшін барлығы 700-ге жуық медициналық нысан ашылады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін жедел қамтамасыз етіп, инженерлік коммуникациялар жүргізу мәселелерін ойластыруы қажет», деді Әлихан Смайылов.