Аймақтар • 21 Қараша, 2022

Атырауда алып бала дүниеге келді

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда салмағы 5,7 келі, бойы 64 см болатын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда алып бала дүниеге келді

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала.

«Сәбидің салмағы ірі болған соң, дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасады. Ол – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Оның салмағы – 5700 грамм, ал, бойы – 64 см. Медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, ірі, ал, 5 келіден жоғары болса, алып саналады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеше өңірде 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның 19-ы ұл, 15-і қыз. Олардың арасында бір егіз бар. Аналар мен сәбилердің денсаулығы қалыпты, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30