Фотогалерея • 20 Қараша, 2022

Шетелдегі сайлау учаскелері қалай жұмыс істеп жатыр?

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өзге мемлекеттерде ҚР Президентін сайлау бойынша ұйымдастырылған дауыс беру учаскелері жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдегі сайлау учаскелері қалай жұмыс істеп жатыр?

Ең бірінші болып шеттегі қазақстандықтар Жапония мен Кореяда дауыс берді. Токиода №261 және Сеулде № 258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де ашылды.

ұ

д

Содан кейін Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.

л

д

Келесі болып Джакарта мен Бангкок қалаларында сайлау учаскелері азаматтарды қабылдай бастады.

ы

д

Бұл қатарда Омск, Бішкек және Дели де бар.

р

л

Кейін Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.

в

лъ

Ташкентте жүрген ескек есуден Қазақстан құрамасы жұдырықтай жұмылып, дауыс беруге қатысты.

ы

Көп ұзамай Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері де өз жұмысына кірісті.

ж

д

Сайлау кезінде Абу-Дабиде болған Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы да дауыс берушілерден қалыс қалмады.

п

Ереван, Баку, Астрахан және Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істеуге сақадай сай тұрды.

в

л

Сағат 10:30-дарда Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты.

дл

л

Мәскеуде де сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

д

лд

Осы мезетте Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Дохада да сайлау учаскелері ашыла бастаған еді.

л

о

Қазақстан азаматтары үшін  Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері де жұмысын уақытылы бастады.

рп

л

Бұл уақытта Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига қалаларында да дауыс беру учаскелері тас-түйін дайын тұрған болатын.

дл

л

Астана уақыты бойынша түс кезінде Берлин, Берн, Мадрид және Варшавадағы сайлау учаскелері келушілерге есігін айқара ашты.

ш

д

Вена, Брюссель, Париж, Прага қалаларында да дауыс беру учаскелері жоспарлы уақытында өз жұмысын бастады.

пр

д

Бұл қатарда Будапешт, Рим, Гаага және Братиславадағы сайлау учаскелері бар.

дщ

д

д

Сондай-ақ Лондон және Загреб қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.

г

д

Айта кетейік, шетелдегі ең соңғы сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат 21:00-де АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франсискода ашылады.