
«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек етіп, күресе білуге тиіспіз. Біздің мемлекетіміздің келешегін кемел етіп, оны дамытатын һәм әділетті ететін, ол – сіздер мен біздер, жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», деді А.Миразова.