Футбол • 16 Қараша, 2022

Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі құрама арасындағы жолдастық кездесу Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі

Sports.kz хабарлағандай, Өзбекстан-Қазақстан кездесуі Астана уақытымен сағат 19:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы соңғы ойынын қыркүйек айының соңында өткізді. Футболшыларымыз Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Әзербайжаннан 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Келесі жылы Қазақстан В дивизионында ойнайды. Сонымен қатар 2024 жылғы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде де өнер көрсетеді.