Елорда • 15 Қараша, 2022

Елордада жаңа көше ашылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында А91 (Қордай) көшесінен Астана – Қарағанды тас жолына дейінгі аралықта А62 көшесі бойында қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жаңа көше ашылды

Аталған көше Қарағанды тас жолы, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелеріндегі көлік ағыны сейілді.

Жаңадан ашылған А62 көшесі 8 жолақты. Көшедегі жұмыстың бір бөлігі аяқталды, қазір 4 жолақ бойынша қозғалыс ашық. Қалған 4 жолақты абаттандыру жұмысы көктемде жалғасады.

пе

Бұған дейін Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір үстіндегі қозғалыс ашылған еді. Көпір Мәңгілік ел даңғылына, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріне, Nova City ауданына, «Мыңжылдық» аллеясында көлік ағынын сейілтуге, «Нұрлы жол» жаңа вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, Метро гипермаркетіне, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қолжетімділікті арттырды.

Әкімдік өкілдері хабарлағандай, 2023 жылы Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылының бойында тағы бір көлік көпірі ашылады.