Футбол • 15 Қараша, 2022

Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық кездесу өткізеді

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қарашада Ташкентте футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық кездесу өткізеді

Өзбекстан - Қазақстан матчы Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым ойын барысын Qazsport телеарнасынан бақылай алады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйек айының соңында Әзербайжанға қарсы ойнап, 0:3 есебімен ұтылды. Бірақ бұл Магомед Адиевтің шәкірттеріне топта бірінші орын алуға кедергі болмады.

Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының соңында Коста-Рика құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.