Әлем • 15 Қараша, 2022

Ынтымақтастық одан әрі беки түседі

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Mar­­mara Group қорының прези­денті Аккан Су­­вер­дің айтуынша, Са­мар­­қанд­та өткен Түркі мемлекеттері ұйы­мы­ның саммиті сәтті өтті. Ол саммиттің түр­кі­тілдес мем­­лекет­тер арасындағы саяси, эко­но­микалық, әлеу­меттік, мәдени және басқа да салалардағы ынты­мақ­тастықты одан әрі тереңдетуде серпіліс жасағанын жет­кізді.

Ынтымақтастық одан әрі беки түседі

Сувер Зангазур дәлізінің тезірек ашылуы­­­на Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше-мемлекеттері тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызын атап өтті. Самарқанд саммиті БАҚ өкілдері үшін де ма­ңыз­ды болғанын жеткізді. Саммитте «Түркі ақпарат агент­тіктері альянсы» (ATNA) құру туралы шешім қа­былданды.

Marmara Group қорының президенті Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының Нахчыван келісіміне қатысты міндеттемелерін атап көрсетуіне де ерекше тоқ­талды.

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58