Спорт • 14 Қараша, 2022

«Ордабасы» – кубок иегері

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің «Ордабасы» клубы биыл­ғы Қазақстан кубогі бәсекесінде топ жарып, келесі жылғы Еурокубок додасына жолдама жеңіп алды.

«Ордабасы» – кубок иегері

 

 

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен «Ордабасы» мен «Ақжайық» клубтары арасындағы финалдық матч төрт таймға жалғасып, аса тартысты бәсекеде футболшылар 9 гол соқты. Негізгі уақытта командалар 4:4 есебімен тең түсіп, шымкенттік клуб соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды. Дегенмен матчтың алғашқы 15 минутын оралдық ұжым сәтті бастаған еді. Жетінші минутта Завен Бадоян есепті ашса, Том Табатадзе 11-минутта басымдықты арттырды. Бірінші тайм белортасынан асқанда «Ордабасы» ойыншысы Самат Шәмші есеп айырмасын қысқартты.

Ал екінші таймның басында Всеволод Садовский (51) таразы басын теңестірді. Алайда «Ақжайық» көп ұзамай тағы екі гол соғып, есепте алға шығып алды. Голдың авторлары – Табатадзе мен Илья Коваленко. Соңғы минутқа дейін ойнаған «Ордабасы» Максим Федин мен Луис Гуедестің голдары арқасында тағы да есепті теңестіріп кетті. Ал қосымша таймның екінші 15 минутында Эльхан Астанов пенальтиден гол соғып, «Ордабасына» жеңіс сыйлады. Шымкенттіктер 2011 жылы да Қазақстан кубогін жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25