Аймақтар • 13 Қараша, 2022

Қостанайда кәсіпкерлерге ескерту жасалды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы сұрықсыз бизнес нысандарының иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда кәсіпкерлерге ескерту жасалды

2023 жылдан бастап Қостанайдағы бизнес нысандарының сыртқы көрінісі бақылауға алынады. Себебі, қалада сұрқы қашқан, сәнсіз ғимараттар көбейіп кеткен.

«Жыл сайын бизнес ғимараттарының сыртын жөндеп, дұрыстаңдар деп айтумен келеміз. Кәсіпкерлердің, атқарушы билік органдарының жауапкершілігі айқындалған  тәртіп бар. Сондықтан реніш болмасын, енді қатаң шаралар қолдана бастаймыз. Бүгін ауызша ескерту болды, келесі де айыппұлмен жазалаймыз», деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевткәсіпкерлермен кездесуінде.