Оқиға • 12 Қараша, 2022

Талдықорғанда 4 жасар бала жол апатынан қаза тапты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда 4 жасар бала жол апатынан қаза тапты

Салдарынан 4 жасар бала қаза тапты. Апаттан  зардап шеккен 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

«BMW 530 көлігін 42 жастағы жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды. Ол Рақышев көшесінде келе жатқан ВАЗ-2114-пен соқтығысып, тұрақта тұрған Toyota Сhaser көлігіне барып тірелген», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Медициналық куәландыруға сәйкес, неміс шетелдік көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.