Ауа райы • 10 Қараша, 2022

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Астанада 11 қарашада кей жерлерде көктайғақ болып, қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстікте, батыста, Қостанай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауды. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.