Аймақтар • 09 Қараша, 2022

Алматыда жүкті әйел көпқабатты үйден секіріп кетті

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 22 жастағы жүкті әйел 8-қабаттан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жүкті әйел көпқабатты үйден секіріп кетті

Қайғылы оқиға Алматы қаласында «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған. 

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, марқұмның бұл қадамға баруына тұрмыстық жанжал себеп болған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті Наурызбай аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.