Президент • 07 Қараша, 2022

Маңғыстауда «жасыл» сутегі өндірісі іске қосылады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосу жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда «жасыл» сутегі өндірісі іске қосылады

«Өткен аптада Еуропа кеңесінің Президенті Шарль Мишель біздің елге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде Қазақстан мен «Неміс-Швед» компаниясы арасында инвестиция туралы тиісті келісімге қол қойылды. Инвестор Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр», деді Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары барысында.

Президенттің айтуынша, облыста күніне 255 мың текшеметр су тұшытатын зауыт, 40 гигаватт жаңғыртылатын қуат көздері стансасын салу жоспарланған.

«Осы жоба жүзеге асырылса, құрылыс кезінде 3500, ал нысан іске қосылған кезде 1800 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өз мамандарымызды оқытып, даярлаймыз. Тиісті инфрақұрылым салынады. Инвестор өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Аймақтың дамуына кешенді әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізетін осындай жобалар көп болуы керек. Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейді. Біздің еліміз өз әлеуетін толық пайдаланып, инвестициялық ахуалды жақсартуға мықтап кірісуі керек. Тағы да қайталап айтамын, Үкімет пен әкімдер бірлесіп, бұл мәселеге баса назар аударуға тиіс», деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.