Президент • 07 Қараша, 2022

Маңғыстау облысындағы ШОБ өкілдеріне көмек көрсетіледі

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының шағын және орта бизнес өкілдеріне көмек көрсетіледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысындағы ШОБ өкілдеріне көмек көрсетіледі

«Облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін де зор мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32 пайызға жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда, сондай-ақ білім беру және медицина саласында кәсіпкерлер саны артып келе жатқаны қуантады. Яғни, облыс экономикасы әртараптана бастады деуге болады. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында осы аймақтың шағын және орта бизнес өкілдеріне көмек көрсетілуге тиіс.

«Жалпы, әкімдік Үкіметтің қолдауымен бизнесті ынталандыратын жаңа шаралар әзірлеуі керек», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.