Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Қазақстанда жаңа көліктердің саудасы артты

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көлік саудасы былтырғымен салыстырғанда біршама өскен, деп хабарлайды Egemen.kz finprom сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда жаңа көліктердің саудасы артты

Ал әлемде бұл көрсеткіш керісінше төмендеген. Мысалы, АҚШ-та автокөлік сатылымы бір жылда 13%-ға, Шығыс Еуропада 31%-ға азайған.

LMC Automotive порталының мәліметінше, биылғы жылдың үш тоқсанында әлемде жеңіл коммерциялық көліктердің сатылымы 59,5 миллион дана болған, бұл - 2021 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз. Нарықтың бірте-бірте қалпына келуі көбіне жетекші ел Қытайдағы жағдайдың жақсаруына байланысты болған, онда сатылым 8,2%-ға өсіп, 19,4 млн көлікті құраған.

Сондай-ақ басқа елдердегі жағдайға келсек, әлі де пессимистік көрсеткіште: мысалы, Оңтүстік Кореяда өткен жылмен салыстырғанда сату көлемі 6%-ға, Жапонияда – 10,1%-ға, Батыс Еуропада – 11,7%-ға және АҚШ-та – бірден 12,9%-ға төмендеген.

Шығыс Еуропада (Түркияны қоса алғанда) жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктердің сатылымы 30,5%-ға төмендеді.

л

Көршілес Ресейдегі автокөлік дилерлері үшін жағдай әлі де тұрақты емес. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сатылым бар болғаны 506,7 мың жаңа автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлікті құраған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 59,8% аз.

Ал Қазақстанда жағдай керісінше, сатылым өткен жылмен салыстырғанда  0,4%-ға өскен. Биыл шамамен 87 мың автокөлікке дейін сатылған. Бір қызығы, жалпы әлем бойынша да 2022 жылы сатудың орташа өсімі 0,4% құраған.