Ауа райы • 02 Қараша, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

127 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада және еліміздің 13 облысында тұман, қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

3 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыс орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде солтүстікте және облыс орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Ақтауда 3 қарашада кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

3 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, шығысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде шығыста, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды ​​облысының шығысында және оңтүстігінде таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз солтүстік және шығыс бөлігінде екпіні 17-22 м/с болады.

3 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оралда 3 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, баяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

3 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстік бөлігіндегі жолдарда бұрқасын күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

3 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, Алакөл ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Қостанайда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың солтүстігіне ауысады.

3 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.