Спорт • 01 Қараша, 2022

Елордада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында 5 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді

Турнирдің мақсаты – 8 салмақ дәрежесінде еліміздің ең үздік балуандарын анықтау.

Жыл басынан бері 5 рейтингтік жарыс өткен еді. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша әр салмақтың ең жоғары ұпай жинаған 8 балуаны анықталды. Елорда төріндегі боз кілемде тек осы үздіктер ғана белдеседі.

Сөйтіп, турнир соңында тек 8 салмақтың жеңімпаздары ғана марапатталады. Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер «Дала қыраны» титулының иегері атанып, өз салмағының «Бас балуаны» атағына ие болады.

Сол сияқты әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше