Елорда • 30 Қазан, 2022

Астана әкімі коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Алтай Көлгіновтің Instagram желісіне сілтеме жасап.

Астана әкімі коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесті

«Қаламыз күннен күнге өсіп келеді: жаңа тұрғын аудандар, әлеуметтік нысандар, көшелер мен көпірлер ашылып жатыр. Сондықтан коммуналдық қызметтерге де жүктеме артып келеді. Елорданың күрт континенталды климатына қарамастан, біздің коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері күндіз де, түнде де, кез келген ауа-райында жұмыс істейді. Олардың жайлы еңбегі үшін біз автопаркті үнемі жаңартып отырамыз, жалақыны көтереміз, сыйақыларды да енгіздік. Мәселен, соңғы жылдары ғана 300-ден астам арнайы техника мен жабдық сатып алынды», деп жазды қала басшысы.

Сондай-ақ, ол қараша айынан бастап «Астана Тазалық» жол жұмысшылары мен жүргізушілерінің жалақысы 20%-ға өсетінін атап өтті. Бұрын жалақы көлемі басқа санаттар үшін де көтерілген.

«2023 жылы қалалық коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын қосымша көтереміз. Қажет болған жағдайда автопаркті жаңартуды жалғастырамыз», деді әкім.

Оның айтуынша, қысқы кезеңде қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді, әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аударуы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше