Қазақстан • 28 Қазан, 2022

ТМД үкімет басшылары сауда мәселесін талқылады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында төраға ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

ТМД үкімет басшылары сауда мәселесін талқылады

Қазақстанның төрағалығы аясында барлық басым бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, сауда-экономика саласына басты назар аударылды.

Үкімет басшысы ТМД шеңберінде қабылданған Туындайтын проблемаларға бірлесіп ден қою шаралары тізбесінің маңызын атап өтті. Ол өзара инвестицияларды ынталандыруды, өнеркәсіп кооперациясын тереңдетуді, кедендік реттеуді жеңілдетуді, жаңа логистикалық тізбектерді қалыптастыруды және цифрлық технологияларды енгізуді негізге алды.

С

ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ақпараттық саладағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл және мәдени-гуманитарлық саладағы, атап айтқанда, білім беру мекемелерінің желісі бойынша өзара байланыстарды дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.

«Жалпы Қазақстанның 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етуінің барлық жоспарланған іс-шаралары толық көлемде орындалды», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар 2023 жылы Беларусь Республикасында II ТМД елдерінің ойындарын өткізу және Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ескерту, оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау мәселелерін талқылады.

Шара қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.