Аймақтар • 28 Қазан, 2022

Көкшетау тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласының тұрғынынан салмағы 2,7 келі болатын есірткінің ірі көлемі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Көкшетау тұрғынының бірі есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат түсті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстау барысында қалаға кіре берісте 44 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген көлікті тоқтатты. Артқы жолаушы орнын тінту кезінде жалпы салмағы 2,7 келі болатын гашиш толтырылған үш полиэтилен пакеті бар спорттық сөмке табылды. Электронды таразылар да тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда полицейлер есірткі сатып алынған орынды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.