Ауа райы • 28 Қазан, 2022

Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

«29-31 қазан аралығында елімізде жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста – жаяу бұрқасын болады», деп болжады синоптиктер.