Қоғам • 26 Қазан, 2022

Байланыс операторлары сапасыз интернет үшін айыппұл төледі

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нашар интернет үшін қазақстандық байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге төлеген. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжіліс алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байланыс операторлары сапасыз интернет үшін айыппұл төледі

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда байланыс операторлары үшін жауапкершілік күшейіп жатыр.

«Менің білуімше, байланыс операторлары шамамен 271 миллион айыппұл төлеген. Біз тиісті заңнамаға өзгерістер енгіздік, байланыс сапасының параметрлерін бекіттік. Егер қандай да бір мәселе туындаса, біздің министрліктің байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы шағымдануға болады. Біздің аумақтық мамандар барынша көмектеседі. Егер сапа мәселелері бойынша бұзушылықтар болса, онда тиісті айыппұл салынады», деді Әсет Тұрысов.

Сондай-ақ ол қандай оператормен қолданатынын және қолданыс аясында қандай проблемаларға тап болғанын айтты.

«Менде Activ бар. Негізінде менің қажеттіліктерім үшін қолайлы жұмыс істейді», деп жауап берді Ә.Тұрысов.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025