Қазақстан • 26 Қазан, 2022

200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді

«21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық шетелдіктен өтініш түсті. Мен ЖСН беру туралы нақты ақпаратты айта алмаймын. Мұнда бизнеспен айналысқысы келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін, банкте шот ашқысы келетін кез келген шетелдік азамат ЖСН алуы керек», деді Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжіліс алаңында.