Теннис • 25 Қазан, 2022

Жылдың соңғы турниріне қатысады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұптық сында өнер көрсететін қазақ­стандық теннисші Анна Дани­лина Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен әйелдер арасындағы WTA1000 жұптық турнирінің финалында жеңілді.

Жылдың соңғы турниріне қатысады

 

Жерлесіміз Мексикадағы сайысқа брази­лиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұп құрап қатысты. Жартылай финалға дейін ұпайдан шашау шығармаған Анна мен Беатрис финалда аустралиялық Сторм Сандерс пен бразилиялық Луиза Сте­фани жұбымен кездесіп, тай-брейкте қарсы­лас­тарына жол берді – 7:6, 6:7, 10:08. Осы­лайша, Анна мен Беатрис биыл екінші рет финалда ұтылды.

Бір айта кетерлігі, жерлесіміз осы жа­рыстың финалына шыққаны үшін 31 қазан мен 7 қараша күндері АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтетін WTA санатындағы жылдың ең соңғы турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Анна осы жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін Ярослава Шведова финалдық турнирге жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше