Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің жетінші контингенті оралды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қарулы күштерінің жетінші бітімгерлік контингенті Ливаннан оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің жетінші контингенті оралды

gov.kz

Алты ай ішінде қазақстандық әскери қызметшілер жаяу және мобильді патрульдеуді орындап, одан басқа тосқауыл бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруға, базаларды күзетуге және операцияларды жүргізуге қатысы жоқ жеке құрамның күнделікті жауынгерлік даярлығына қатысқан.

ы

«Алты ай тез өте шықты. Бітімгерлік дайындық орталығында тиянақты алынған білім жаңа жағдайға оңай бейімделуге және алға қойылған міндеттерді лайықты шешуге көмектесті. Әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы да жоғары деңгейде. Олар қызмет орнында міндеттерді орындауға дайын», деді Алматыға келген соң топ командирі капитан Марат Әбдіраманов.

р

Оның орнына сегізінші бітімгерлік контингент, яғни «Шығыс» секторындағы Үнді бітімгерлік батальоны құрамында міндеттерді орындайтын қазақстандық әскери қызметшілер аттанды.

Қазақстан контингентін Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік контингенті құрамында БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына бірлесіп орналастыру - 2018 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.