Оқиға • 22 Қазан, 2022

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияға қала тұрғыны мешітте намаз оқу кезінде ұялы телефоны ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Осы өтініштен кейін мешіттерде ұрлық жасаумен шұғылданған адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Өтініш иесі өзінің ұялы телефонын алыс бөлмеге қуат көзіне қойып, қайтып келгенде таппай қалған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер күдіктіні анықтады. Ол көпшілік намаз оқып жатқан кезде телефонды алып, мешіттен шығып кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер Қостанай облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонды күдікті сатып үлгерген», деп жазылған ПД тарақтан хабарламада.

Полицейлер оның мешітте ұрлық жасаудың тағы екі фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Тағы бір оқиға кезінде күртешенің қалтасынан телефонды ұрлап кеткен. Содан кейін Қабанбай батыр даңғылындағы мешіттен телефон және құлаққап ұрлаған. Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.