Футбол • 20 Қазан, 2022

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов өмірден озды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов өмірден озды

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Сұлтан Әбенов Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулаған.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. 

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.