Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Қазақстан әскері ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығуына қатысты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан әскері ҰҚШҰ-ның (ОДКБ) оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан әскері ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығуына қатысты

Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары –  штаб бастығы полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылған.

«Шекара-2022» атауы берілген оқу-жаттығу - Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында өтіп жатыр. 

ҰҚШҰ (ОДКБ) - Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы. 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылған. Ұйымның негізгі қызмет ету бағыты әскери ынтымақтастық.