Оқиға • 18 Қазан, 2022

Ресейде Су-34 ұшағы тұрғын үйге соғылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Краснодар өлкесінің Ейск қаласында Су-34 жойғыш ұшағы тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде Су-34 ұшағы тұрғын үйге соғылды

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Су-34 Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін әуеге көтерілген. 

Ведомство таратқан ақпаратта ұшақтың қозғалтқышы істен шыққаны жайлы айтылған. Төтенше жағдай салдарынан ғимарат өртке оранған.

«Ұшақ апаты салдарынан тоғыз қабатты үй отқа оранды. Өрт бірден бірнеше қабатты шарпыған. 17 пәтер зақымданды», деді Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев. 

Ейскіде төтенше жағдай салдарынан 19 адам зардап шекті, үш адам қаза тапты. Бұл туралы дерек Краснодардағы жедел штабтың Telegram-каналында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45