Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Жаңа жылу желісі

342 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласы қазір жылудан тапшылық көріп тұрған жоқ. Бірақ алдағы жылдары кеншілер астанасындағы қарқынды баспана құрылысына байланысты жылу қат болуы ғажап емес. Мұны тиісті орындар да жоққа шығармайды. Осыған орай үшінші жылу электр орталығынан тұрғын үй құрылысы қаулап бара жатқан Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіне жылу жеткізу үшін жылу магистралі салынып жатыр.

Жаңа жылу желісі

Жылу орталығынан тартылатын трассаның ұзын­дығы – 22 шақырым. Жобаға 22,7 млрд теңге бөлін­ген. Бүгінде аталған қаржыға шақталған жұмыс толық атқарылды. Ал­дағы уақытта тағы қаражат беру жоспарда тұр. Былтыр – 8, биыл 6 шақырымы төселді. 4 сорғы стансасының 3 стансасы салынып бітті. Қаражат уақтылы бөлінсе, жергілікті билік өкілдері 1,5 жыл ішінде жобаның сәтті аяқталарына сенімді.

Қарағанды облысына келген сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарынан қаланың жылу жүйесі қалыс қалмаған-тын. Президент Қарағандының қарқынды дамуын еске салып, қаланы одан әрі өркендету үшін қосымша жылу көздері керектігін айтқан еді. Осы ретте Үкіметке Қарағанды қала­сы­ның үшінші жылу желі­­сінің құрылысына қажет­ті қаражатты шұғыл бөлуді міндеттеген болатын.

Қарағанды қаласының бұрынғы жылу беретін желі­лерінің шамасы қазіргі құрылысқа төтеп бере алмайды. Жаңа магистраль іске қосылғанда одан жететін жылудың қуаты сағатына 523 гигакалорияны құрайды. Су жаңа жылу магистралі шаһардың Оңтүстік-Шығыс бөлігін қамтамасыз етеді.

– Жоба 2020 жылы басталды. Қазіргі уақытта 3-ЖЭО-дан №1 сорғы стансасына желі тартылды. Желі – екі қатар. №1 сорғы стансасының дайындығы – 90 пайыз. №2 сорғы стансасы – 60 пайыз, №3 сорғы стансасы – 90 пайызға әзір. №4 сорғы стансасы салынып жатыр. Бүгінде Рес­публика даңғылынан бастап, Тәттімбет көшесіне дейін желі төселді. Себебі өзде­рі­ңізге мәлім, қаланың бұл бө­лігінде құрылыс қарқын­­ды, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Камалиев.

Магистраль құрылысын­да бас мердігер – «НС Сис­тема» ЖШС-і. Компа­ния­­ның атқарушы дирек­торы Қанат Ботбаев атқар­ған жұмыстарына 5 жыл кепілдік берілетінін жеткізді. 20 жылдан бері инженерлік желі саласындағы компания көптеген жобаға қатыс­қан. Бұған дейін Оңтүстік-Шы­ғысты жылумен қамтитын М-10 трассасын кеңейтуге, М-3, М-5 жылу желісін ре­конс­­тр­ук­циялауға да үлес қосты.

– Жобаны іске асыруда ешқандай проблема жоқ. Барлығы кестеге және қар­жы­лан­дыруға сәй­кес жүзеге асып келеді. Жұмыс­тың 70 пайы­зы аяқталды. Ре­сейлік және отандық құбыр­лар төсел­ді. Жобаның аяқталуы қаржы­ландыруға тікелей байланыс­ты, – дейді Қанат Ботбаев.

Жоба бойынша 40 шақы­рым құбыр төселеді. 4 сорғы стансасымен бірге 3 павильон қарастырылған. Сорғы стансасының негізі міндеті – қажетті қысым алу үшін су жіберу.

«Қарағанды-Тепло­тран­зит» ЖШС бас инженері Иван Выткиннің мәлімдеуінше, үшінші жылу жеткізу магис­т­ралінің құрылысы шеші­мін табуға сұранып тұрған мәселе. Бұған себеп – жоға­ры­да атап өткеніміздей, қар­қынды құрылыс.

– Қазіргі уақытта жылумен жабдықтауда проблема жоқ. Алайда жаңа үйлер мен ғимараттардың қолда­ныс­қа берілуі алдағы уақытта жылуға тапшылық тудырады. Жаңадан салынып жатқан жылу магистралі соның алдын алады. Сонымен қатар жылу жүйесінің жеткізілуіне сенімді күшейтеді. Жобада магистральдің қазіргі қол­даныстағы М-3, М-5, М-10 магистралімен байланысы қарастырылған. Яғни желіде қандай да бір қиындықтар орын алса, бұл құбырларды жылу беруге қоса аламыз, – дейді Иван Выткин.

Қарағанды жылу жүйесі­нің 70 пайыздан астамы тоз­ған. Сондықтан да жаңа желі­лердің бір-бірімен байланысы жылу жүйесінде орын алуы мүмкін қиындықтарды еңсе­руге ықпал етпек. Ал жаңа жы­лу магистралінің қуаты дәл осын­дай көлемдегі бір шағын ауданды жылытуға жетеді. 

 

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар