Спорт • 16 Қазан, 2022

Чемпиондық атағын сақтап қалды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйелдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты Сербия қыздарының жеңісімен аяқталды.

Чемпиондық атағын сақтап қалды

 

Осыдан төрт жыл бұрын Жапонияда өткізілген әлемдік додада үздік шыққан Балқан түбегінің өкілдері биылғы чемпионатта да алтыннан алқа тақты. 2018 жылғы біріншіліктің финалында Италияны (3:2) сүріндірген Сербия құрамасының қыздары биылғы финалда Олимпия ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2008, 2012) Бразилиядан айласын асырды. Үш сетте – 26:24, 25:22, 25:17 есебімен жеңіске жеткен сербиялықтар осылайша қатарынан екінші рет әлем чемпионы атанды.

Ал үшінші орын үшін өткен бәсекеде төрт жыл бұрынғы финалист Италия Токио Олимпиадасының чемпионы АҚШ-тан 3:0 есебімен басым түсіп (25:20, 25:15, 27:25), әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Топтық кезеңде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 24 елдің ішінде 23-орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше