Теннис • 17 Қазан, 2022

Жартылай финалға шыға алмады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлер арасындағы Қазақстанның бірін­ші, әлемнің 43-ракеткасы Алек­сандр Бублик Италияның Флоренция қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Жартылай финалға шыға алмады

 

Жерлесіміз жарыстың ширек финалында әлемдік рейтингте 75-сатыға жайғасқан америкалық Джон Вольфпен шеберлік байқасты. Үш сетке жалғасқан тартысты бәсекеде Бублик 6:3, 5:7, 1:6 есебімен қарсы­ласына жол берді. Отандасымыз алғашқы партияда 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте қарсыласы мықтылық танытты. Александр америкалық теннисшіден осымен екінші мәрте жеңілді.

Сондай-ақ Германиядағы «Челленджер» турнирінде бақ сынаған тағы бір қазақстан­дық теннисші Денис Евсеев те жартылай фи­налға жолдама ала алмады. Ширек финалда польшалық теннисші Каспер Жук жер­лесімізден үш сетте – 4:6, 6:3, 3:6 есебімен айласын асырды.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше