Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Астанада АӨСШК трансформациясы туралы мәлімдеме қабылданды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада өткен АӨСШК VI саммиті кезінде мүше мемлекеттер бірқатар құжаттарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада АӨСШК трансформациясы туралы мәлімдеме қабылданды

Саммит шеңберінде елдер мен мемлекеттер тарапынан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті бекіту мақсатын көздейтін құжаттар ұсынылды.

«АӨСШК трансформациясына қатысты құжаттарды қабылдауға қарсылық бар ма? Ешқандай қарсылық жоқ. АӨСШК трансформациясы туралы астаналық мәлімдеме қабылданды деп есептеледі», дедіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саммит кезінде АӨСШК көшбасшыларының қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесінің жобасы қабылданлды.

Сондай-ақ, АӨСШК елдерінің көшбасшылары АӨСШК қорын құруға қатысты құжат пен терроризмге қарсы БҰҰ қарарын жүзеге асыру бойынша АӨСШК іс-қимыл жоспары қабылданды.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңесті шақыру бастамасының 30 жылдығына орай АӨСШК-нің VI саммиті басталды.

Жиынға 11 елдің мемлекет басшылары қатысып жатыр. Олар: Әзербайжан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Катар, Беларусь.

Сондай-ақ, елордаға Вьетнамның вице-президенті, ҚХР төрағасының орынбасары және бес министр келді.