Президент • 13 Қазан, 2022

Қазақстан АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан АӨСШК саммитінде форум қатысушыларының жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті

«Қазақстан АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті. Кеңестің бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, оның перспективалары мен болашағы зор екеніне сенімдімін. Форум қатысушыларының жұмысына табыс, ортақ ұйымымызды нығайту жолында жаңа жетістіктер тілеймін», деді Президент сөз соңында.